Атырау, 8 қазан 15:31
 ашықВ Атырау +15
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Алаңда митинг жалғасуда

Сурет Бейнежазба
1 537 просмотра

Исатай мен Махамбет орталық алаңында 3000-нан астам адам күннің суығы мен түнгі уақытқа қарамастан шеруді жалғастыруда. Азаматтық белсенді Макс БОҚАЕВ бастаған шерушілер облыс әкімі Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВТІҢ өздеріне шығуын талап етіп отыр.

Алаңға шатырлар тігіліп, ыстық тамақ ұйымдастырылды.

Халық патриоттық әндер айтып, әкім келгенше тұрамыз деп жатыр. Аймақ басшысы келмесе, шерушілер Исатай Тайманов даңғылын жауып тастайды.

Белсенділер алаңда тәртіпті сақтауға тырысып, барлығын қоқыс тастамауға және темекіні белгіленген жерге тартуға шақыруда. Сөз алғысы келетіндерге микрофон және белгілі бір уақыт берілуде.


Адамдар қолдарына «Шал кет!», «Қазақ елі - бір бүтін!”, “Біргеміз!” деген жазуы бар плакаттар ұстап тұр.

01.45 Бесінші қаңтар

Кешкісін орталық алаңға облыс әкімі де, шенеуніктердің де ешқайсысы ақыры шыққан жоқ. Макс Боқаев облыс әкімінің хатшысына, Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев пен оның орынбасары Самат Ембергенге хабарласуға тырысты. Бірақ олардың ешқайсысы телефон қоңырауына жауап бермеді.

Шерушілер Исатай Тайманов қиылысын жауып тастамақ болды, бірақ полицейлер мүмкіндік бермеді. Сондықтан халық Орталық көпірге барып, кейін алаңға қайта оралды. Тіпті, біреулер облыс әкімдігін басып алуды ұсынды, бірақ наразылар олай жасамады.

Жаңбыр мен аязға қарамастан митинг жалғасуда. Алаңда екі шатыр тігілген, адамдар жылынып, алаңда әйелдер сол жерде пісіріп жатқан ыстық тамақ пен жаңа піскен бауырсақ жеп, әлденіп алу үшін сол жерге кезек-кезек кіріп шығуда.

Фархат АБИЛОВ

Бейнежазба мен суреттерді түсірген автор

5 қаңтар 2022, 02:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.