Атырау, 8 қазан 15:42
 ашықВ Атырау +15
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Желіде Форт-Шевченко әкімі мас күйінде түсірілген видео тарады

Сурет Бейнежазба
883 просмотра

Желіде Форт-Шевченко әкімі мас күйінде түсірілген видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Форт-Шевченко қаласының әкімі Шалқыбай Әзірбаев Желіде тараған кадрларда "төрт күн демалғанын" айтады. Шенеунікті оқиға куәгерлері қоршап алған, қасында полицейлер де тұр. Қала басшысы мас күйінде көлікті қандай себеппен басқарғанына түсінік бере алмаған.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі InAktau порталына оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
"Қызметтік тексеріс жүргізіп жатырмыз, дерек расталса, ол қызметінен босатылады", - деді аймақ басшысының баспасөз қызметіндегілер.

Маңғыстау облысының полиция департаменті тәртіп бұзушы қандай жауапқа тартылатынын кейінірек хабарлауға уәде берді.

4 қаңтар 2022, 17:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.