Атырау, 29 наурыз 20:40
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Исатай мен Махамбет алаңындағы наразылық. Онлайн

Толықтырылды Сурет Бейнежазба
3 017 просмотра

Бүгін түстен кейін 5 мыңнан астам тұрғын Исатай мен Махамбет орталық алаңына жиналды. Олар жаңаөзендіктерге қолдау білдіріп, «Шал кет», «Баға арзандасын!» деп ұрандатуда.

Полиция мен арнайы жасақ жолды жауып тастағанымен, шерушілер қоршауды бұзып өтті. Полиция митингке шығушылардың бірін ұстағаннан кейін олар мен полиция арасында қақтығыс басталды. Нәтижесінде автозак тоқтатылып, ұсталған азамат босатылды.


Қазіргі уақытта алаңда бірде-бір шенеунік жоқ. Полицейлерді жергілікті полиция қызметінің басшысы Әлібек Қайыров басқарып тұр. Азаматтар Назарбаевтан саяси аренадан кетіп, азық-түлік пен жанар-жағармай бағасын төмендетуді талап етуде. Полицейлер бірнеше негізгі көшелерді жауып тастағанына қарамастан, наразылық білдірушілер саны секунд сайын артып келеді.

Әкім шерушілерге шықты, бірақ оны бәрі естіген жоқ

Атырау облысының әкімі Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ алаңға шерушілерге шықты.

Исатай мен Махамбет алаңына шеруге шыққан облыс тұрғындары облыс басшылығынан ешкім халық алдына шығып, олардың талабына жауап беруді қажет деп таппағанына наразы болды. Осы сөзге құлақ асып, алаңға алдымен облыс әкімінің орынбасары Нариман ТАУШОВ шықты. Бірақ жұрт облыс әкімінің атын атауды жалғастыра берді. Күндізгі сағат үштен кейін шерушілермен кездесуге Махамбет Досмұхамбетовтің өзі шықты. Адамдар одан Макс Боқаевты босатуды талап ете бастады. Арада 10-15 минут өткенде, Макс форма киген адаммен бірге алаңға шықты.

Қолына дауыс зорайтқышты алған Боқаев ең алдымен бұрын ұсталған адамдарды босатуды талап етті. Жиналғандар оны қолдады, олар адамдар бостандыққа шықты деген ақпараттың өтірік екенін айтты. Олар полицейлерді алаңнан әкету қажеттігін жеткізді. Боқаев айтқан келесі талап – азық-түлік бағасын төмендету.

Әкімге жақын тұрғандар Досмұхамбетовтің наразылық білдірушілердің талаптарын орындауға уәде бергенін айтты. Қалған жұртқа әкімнің не айтып жатқанын есту мүмкін емес еді.

– Әкiмге микрофон берiңiз, бұл жерде шынында да техника жоқ па, болуы тиіс, өйткенi алаңда үнемі концерттер өтіп тұрады ғой, – деп халық наразы болды.

Көпшіліктің арасынан тілшіміз бәрінің бағасын төмендету керек деп айғайлап жатқан мас жігіттерді байқады. Сол кезде естияр наразылық білдірушілер барлығын арандатушылыққа бой алдырмауға шақырды. Халық өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуға күш салып, бұл үшін соңына дейін баруға дайын екендіктерін жеткізді. Қажет болса, алаңға киіз үйлер тігіп, одан әрі митнигіні жалғастырмақ. Жарты сағатқа жуық уақыттан кейін мен Боқаев пен Досмұхамбетов тұрған ескерткішке жақындау үшін алаңды айналып шығуды ұйғардым. Сол кезде алаңнан прокуратураға қарай бет алған  адамдар тобын байқадым, олардың арасында облыс әкімі де бар.

Ал тұрғындар тарауды ойларына алар емес. «Шал, кет!» деп айғайлап, Қазақстанның әнұранын шырқауды жалғастыруда. Алаңға қазан әкеліп, от жағып, ас әзірлемекші.

Ал, Мақс Боқаев жиналғандарға, алаңға күш құрылымының қызметкерлерін жіберуі мүмкін екенін айтып, түсіндіруде

Жаңалықтар толықтырылады...

Фархат АБИЛОВ

Айнұр САПАРОВА

Авторлар түсірген суреттер мен видео

4 қаңтар 2022, 15:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.