Атырау, 5 қазан 14:04
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

22 жылда қазақ Парламенті бір заңды ғана қазақ тілінде қабылдады. БІРТҮРЛІ «КӨЗҚАРАС» НЕМЕСЕ ИРАК ЕЛЕКЕЕВ ӘБДІКӘРІМОВТІҢ АДВОКАТЫ МА? Дүкен МӘСІМХАНҰЛЫ, қытайтанушы-ғалым: Қытайда Қазақстанды зерттейтін 20-дай ғылыми орталық бар.

2 358 просмотра

ALASHAINASY.KZ. «Аспанда жойқын жарылыс болды» - Беймәлім нысанның әуеде жары­луы Ресейдің Челябинск, Ека­те­рин­бург, Түмен қалалары тұрғындарының зәресін ұшырды. Оқыс жары­лыстан ғимараттардың терезесі сы­нып, шатыр-қабырғалары селкілдеді, ұялы байланысқа кедергі келді. Көп ұзамай беймәлім құбылыстың метео­рит екені анықталды.

«Алаштың ИДЕЯЛАР БАНКІ» - Қайсыбір сарап­шылардың пайымдауынша, кез келген мемлекетте адам капиталы 60 пайыздық межеге жеткенде ол мемлекет өзінен-өзі дамымақ. Ал бұл тұрғыда біздің көрсеткішіміз қандай?!

«Алаштың ЖАС ТҰЛПАРЫ» - Қазақ балалар әдебиеті «қартайып» бара жатқан жоқ па?

HALYKSOZI.KZ. «БІРТҮРЛІ « КӨЗҚАРАС» НЕМЕСЕ ИРАК ЕЛЕКЕЕВ ӘБДІКӘРІМОВТІҢ АДВОКАТЫ МА?» - Журналистика саласына біреу армандап келеді, біреу кездейсоқ, аяқастынан келе салады. Енді біреу істерге қара таппай, еріккенінен келеді. Бірақ, неге екені белгісіз, Ирак Елекеев журналистикаға қандай мақсатпен келгенін өзге түгіл, өзі де білмей ме деп қалдық. Өйткені, соңғы кезде пародия нысанына айналған ағамыз Парламентте отырғандай  салмақты емес. Депутаттық мандат өзіне жап-жақсы жарасып-ақ тұратын еді.

МҰРАТ ТЕЛІБЕКОВ. МҮШЕСІ ЖОҚ ОДАҚТЫҢ ТӨРАҒАСЫ - Өзі мұсылман бола тұра елдегі секталардың жемісті жұмысын жалғастыра беруін қалайды, өзі «Қазақстанның гуманистік, зайырлы (светский)» мемлекет болғанын және жемқорларды ату жазасына кесуді армандайды. Тіпті қолына автомат берсе, парақорларды шырқыратып тұрып атып шығуға дайын екенін де жасырмайды.

ULT.KZ. «Кіре алмай жүрген» кірме сөздер - Осы күнгі сөйлеп жүрген тілімізді 15 ғасырдағы қазақтар келіп естісе мүлде түсінбей қалар еді. Себебі біз өз маңайымыздағы тілдермен араласып тілдік қорымызды дамыттық. Көптеген кірме сөздер енді.

SERKE.ORG. «Діни басқарма мұсылмандардан нені жасырып жүр?» - Ақпанның 19-ы күні Астана қаласында Қазақстан мұсылмандарының кезектен тыс VIІ құрылтайы өткелі жатыр. Онда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі денсаулығына байланысты қызметінен кетіп, оның орнына жаңа діни басшы тағайындалады.

«Мұхтар Әбілязов Жармахан Тұяқбайды «подставить» етті. Неге?» - Мол ақшаны жымқырып Қазақстаннан қашып кеткен М.Әбілязовтің төңірегіндегі оқиғаларды сараптай келе мақала авторы мынандай қорытынды жасапты: М.Әблязов оппозициялық әрекетті БТА банктен жымқырған миллиардтаған ақшасын сақтап қалу үшін ғана емес, сонымен қатар Қазақстан билігін құлату үшін де жасап жатыр.

TV7.KZ. «Заңдар қашан қазақ тілінде жазылады?» - Тәуелсіздік алған 22 жылдың ішінде қазақ Парламенті тек бір түйір заңды ғана ана тілімізде қабылдапты. Неліктен?

AIKYN.KZ. «10 миллиард доллар шығынға ұшыраған банктерді сақтап қалды» - Елбасының таяуда дағдарыс кезеңінде Ұлттық қордан Үкіметке берілген 10 миллиард доллардың қайтпай қалуына қатысты айтқан сыны да саясаткерлер мен сарапшылардың біразға дейін талқылайтын тақырыбына ұласты. Премьер-министрдің орынбасары Қайрат Нематұлы КЕЛІМБЕТОВ «Айқын» газетіне тартысқа түскен тақырыптарға қатысты сұхбат берді.

BAQ.KZ. «Дүкен МӘСІМХАНҰЛЫ, қытайтанушы-ғалым: Қытайда Қазақстанды зерттейтін 20-дай ғылыми орталық бар»

AZATTYQ.ORG. «Күніне бес мың теңге жоспар орындайтын кәсіп иелері» - Таксопарктен жалға машина алған таксист жүргізушілері көліктерінің қанша тұратынын білмейді. Тек кореялық жеңіл көлік үшін төрт жыл, аптаның алты күні 5 мың 400 теңгеден өткізіп отыратындарын айтты.

«Латын қарпіндегі қазақша сайт» - Осы аптада senkazakh.com сайты алдағы уақытта өз іштерінен қосымша «Сен қазақ» микроблогын ашатынын хабарлапты. Бұл микроблогтың өзгешелігі – оның латын қарпімен шығатындығы болмақ.

ABAI.KZ. «Алтай кімге қалады?» - Қазір Қытайдың Алтай аймағының 50 пайыз халқы - қазақтар. 300 мыңға жақын қазақ сонда өмір сүруде. 20 жылдан бері шақырған Тәуелсіз Қазақ еліне бет бұрып, біржола қоныс аударуға біреуінің шамасы келіп,  біреуінің шамасы келер емес. 

EGEMEN.KZ. «Қылқобыз сырын ашқан еңбектер»

18 ақпан 2013, 10:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.