Атырау, 25 сәуір 21:24
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Жеке тұлғаларға жанармайды босатуға лимиттер енгізілуі мүмкін - ЖМҚС желісінің​ мәлімдемесі

919 просмотра

Qazaq Oil сайтында Маңғыстау облысында сұйытылған газды сату туралы мәлімдеме жарияланды.

Компания жеткізілімдердің шектеулі болуына байланысты жеке тұлғаларға отын жеткізуге лимит енгізілуі мүмкін екенін айтты.

"Өңірде Qazaq Oil және ҚазМұнайГаз ЖМҚС желісінің 19 автогаз құю станциясы бар және ұзақ уақыт бойы Маңғыстау облысында сұйытылған газды ең төмен бағалар бойынша сатты.

Сыртқы факторларға байланысты қаңтардың алғашқы күндері өңірде сұйытылған газдың құны көтерілгеннен кейін де, Qazaq Oil ЖМҚС желісінде жанармай бағасын Жаңаөзен қаласында 65 тг. деңгейінде және облыстың басқа қалаларында сату көлемін шектемей 79 тг. деңгейінде сақтап қалды.

Сұйытылған газға сұраныстың күрт өсуіне қарамастан, Qazaq Oil корпоративтік клиенттер алдында өз міндеттерін толық орындауға міндеттенеді, яғни газды талондар мен отын карталары арқылы белгіленген баға шеңберінде өткізеді. Қорлардың шектеулі болуына байланысты жеке тұлғаларға жанармайды босатуға лимиттер енгізілуі мүмкін.

2022 жылғы 10-12 қаңтардан кейін Энергетика министрлігі жариялаған литріне 85-90 теңге баға дәлізі шеңберінде жанармайдың қосымша көлемін жеткізу және сұйытылған газды шектеусіз босатуды қайта бастау күтілуде.

Қазіргі жағдайда компания Маңғыстау облысында барлық тұтынушыларды сұйытылған газбен тұрақты және үздіксіз қамтамасыз етуді сақтау үшін бар күшін салуда", делінген хабарламада.

4 қаңтар 2022, 10:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.