Атырау, 25 желтоқсан 18:42
 ашықВ Атырау -10
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

​Демонстранттар жауапкершілік танытуы тиіс - Тоқаев

864 рет қаралды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтік комиссияның жұмысқа кіріскенін хабарлады.

"Құрамында Президент Әкімшілігінің қызметкерлері бар үкіметтік комиссия Ақтауда жұмысқа кірісті. Республикалық оперативтік штаб тұрақты негізде жұмыс істеп жатыр. Комиссияға еліміздегі тұрақтылықты сақтай отырып, туындаған мәселе бойынша өзара тиімді шешім шығару жүктелді. Құқық қорғау органдарына қоғамдық тәртіптің бұзылуына жол бермеу жөнінде тапсырма берілді. Демонстранттар жауапкершілік танытып, диалогқа дайын болуға тиіс", деп жазды твиттер парақшасында.

4 қаңтар 2022, 10:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.