Атырау, 23 желтоқсан 02:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Қазақстанда көлік нөмірі көрінбей қалған жүргізушілерге қанша айыппұл салынады

2 139 рет қаралды

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері көлік нөмірі көрінбей қалған жүргізушілерге қанша айыппұл салынатындығын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, көліктегі мемлекеттік тіркеу нөмірі Қазақстан Республикасының ұлттық стандартының талаптарына сәйкес болуы тиіс. 

«Көлік нөміріндегі сандар мен әріптерге басқа жазу мен «3D» символ түріндегі элементтерді жабыстыруға рұқсат берілмейді. Бұл нөмірдің колориметриялық сипаттамаларының стандартын бұзу болып саналады. Сондай-ақ көлік қозғалысы кезінде нөмір қар мен кірден тазаланып тұруы шарт», - делінген ақпаратта.

Егер көлік нөмірі көрінбей қалса жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 1-бөлігі бойынша 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (14 585 теңге) айыппұл салынады.

29 желтоқсан 2021, 17:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.