Атырау, 24 желтоқсан 00:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Атырау облысында бір тәулікте 10 адам Covid-19 жұқтырған

2 908 рет қаралды

Өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирус инфекциясымен 10 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 9 жағдайы расталды, Махамбет ауданында  - 1 науқас анықталды. Коронавирустық инфекциясы бар 6 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 4 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 15 адам емделді.

Қазір 54 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 52, аудандық инфекциялық стационарларда - 14, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 4 науқас ем алуда.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "жасыл" аймақта.

29 желтоқсан 2021, 11:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.