Атырау, 8 қазан 17:33
 бұлттыВ Атырау +16
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Мұндай тәуекелдің не қажеті бар?

1 741 просмотра

Атырауда қауіпсіздік ережелерін сақтамай, шырша безендірген «Арнаулы автобаза» ЖШС қызметкерлері жұмыстан босатылуы мүмкін.

Кейбір қала тұрғындары ЖШС қызметкерінің Исатай мен Махамбет алаңдарында басын қатерге тігіп, жаңа жылдық шыршаны безендіріп жатқан сәтін суретке түсіріп алған. «Арнаулы автобазаның» сендіруінше, оларда мұндай биіктікте жұмыс істеуге қажетті құрал-жабдықтары бар бола тұра, оның неліктен бұлай еткені түсініксіз. Сірә, қызметкерлер себетті кранға бекітуге ерінген шығар.

– Қаланы жаңажылдық безендіру жұмыстарына тартылған арнайы техникалар үшін өрмелеу жұмыстарына себет (люлька) бөлінді. Өкінішке орай, көлік жүргізушісі оны елеусіз қалдырған. Жұмыс барысында тек жұмысшының сақтандыру белдігі қолданылған. Қауіпсіздік ережесін сақтамағаны үшін жұмыстан шығаруға дейін жаза қолданылады. Қазір компанияның қауіпсіздік техникасының қызметі тиісті жұмыстар атқаруда. Қолданыстағы заңнама аясында қатаң шаралар алынады, - деп «Арнаулы автобаза» ЖШС-нің баспасөз қызметі бұл жағдайға түсініктеме берді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Әлеуметтік желіден алынған сурет

29 желтоқсан 2021, 11:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.