Атырау, 8 қазан 17:29
 бұлттыВ Атырау +16
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

​Қызылордалық полицейлер есірткі затын тасымалдаған Атырау тұрғындарын ұстады

2 073 просмотра

Қызылордалық полицейлер аса ірі көлемде есірткі затын тасымалдаған Атырау облысының тұрғындарын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz

21 желтоқсан күні Қызылорда облысы ПД патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Шымкент-Самара тасжолының 1323-шақырымында жеңіл автокөлікті жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатып, тексеру барысында салонында заңға қайшы келетін заттардың болуы мүмкін екеніне күмән келтіріп, жедел-тергеу тобын шақырған. 

Жедел-тергеу тобымен тексеру жүргізіліп, аталған автокөліктің салонында аса ірі мөлшердегі есірткі заттары заңсыз сақталғаны анықталып, тәркіленді. Бұл қылмысқа қатысы бар үш күдікті құрықталған. 

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшердегі есiрткi заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды.

28 желтоқсан 2021, 16:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.