Атырау, 8 қазан 17:33
 бұлттыВ Атырау +16
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Заң бұзушылықтар мен оқиғалар хроникасы

1 662 просмотра

39 жастағы Атырау тұрғыны бір азаматтың ақша берсең, көбейтіп беремін деп алдап кеткені туралы полицияға шағымданды.

Аңғал әрі оңай олжаға құмар болған азамат алаяққа үнемі ақша аударып, жалпы сомасы 4 миллион теңгеге жуық ақша жиналған. Әрине, жәбірленуші пайыз түгілі өзінің салған ақшасын да көрмеген.

- Бөгденің ақшасын алдап иемденген 37 жастағы Атырау тұрғыны анықталып, ұсталды, - деп хабарлады Атырау облысы ПД бастығы Қамза ҮМБЕТҚАЛИЕВ.

ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі («Ірі көлемдегі алаяқтық») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

* * * * * * 

22 желтоқсан күні сағат 01.35-те 21 желтоқсан күні сағат 17-де Қызылқоға ауданында Миялы ауылынан 25 шақырым жерде 60 жастағы шопанның далаға қой жаюға шығып, адасып кеткені туралы хабарлама түсті. 

Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сол түні сағат 03.20-да жоғалған адам қыстаудан 15 шақырым жерден табылды. Оған медициналық көмек қажет болмады. Іздестіру жұмысына ТЖД-нің 4 қызметкері жақын маңдағы шаруа қожалығының техникасымен жүзеге асырылды. 

* * * * *

"Қауіпсіз жол" жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде ксенон, лэд жарық шамдарымен жүрген 150-ге жуық жүргізуші анықталды.

Атырауда желтоқсан айының 16-26 күндері аралығында «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шара өтті. Басқа заң бұзушылар арасынан полицейлер көлік құралына ксенон жарық шамдарын орнатқан 150-ге жуық жүргізушіні анықтады.

Мәселен, 23 желтоқсанда кешкі сағат 10-да Тайманов көшесі бойында осындай шамы бар Hyundai Sonata маркалы автокөлігі тоқтатылып, 26 жастағы жүргізушіге 14 585 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сол түні полицейлер Канцев көшесі бойында шамын жарқыратып жүрген “Ваз 21144” маркалы автокөлігі тоқтатылды. 18 жастағы жүргізушінің бұған дейін осындай құқықбұзушылықты жасағаны үшін жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Сондықтан 58 340 теңге көлемінде айыппұл салынды.

* * * * *

24-26 желтоқсан аралығында Атырау облысында «Жолдағы тәртіп» профилактикалық іс-шарасы өтіп, оның нәтижесінде 1600-ден астам жол жүру ережесін бұзу фактісі анықталды.

Атап айтқанда, жылдамдықты арттырғаны үшін 212, қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін 182, көлік жүргізу кезінде ұялы телефонды пайдаланғаны үшін 108, техникалық байқаудан өтпегені үшін 132, тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған көлiк құралын басқарғаны үшін 26, маневр жасау қағидаларын бұзғаны үшін 93, жаяу жүргiншiлердiң жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін 302 хаттама толтырылды. Бұдан басқа, көлік тізгіндеген 16 мас жүргізуші ұсталды.  

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

28 желтоқсан 2021, 14:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.