Атырау, 25 желтоқсан 15:49
 ашықВ Атырау -9
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Салоннан алған жаңа көліктерді есепке қою уақытша тоқтатылды

1 875 рет қаралды

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің базасындағы техникалық ақауға байланысты салоннан сатып алынатын жаңа автомобильдерді тіркеу мүмкін болмай тұрғанын құлағдар етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Мемлекеттік кірістер комитетінің жұмысындағы ақау салдарынан базадағы деректер ХҚО-ның ақпараттық жүйесінде көрсетілмей тұр. Сондықтан автосалоннан сатып алынатын жаңа машиналарды есепке қою қызметі уақытша қолжетімсіз. Жауапты орган тарапынан ақауды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада. 

Жүйенің қалпына келтірілгені және жаңа көліктерді тіркеу бойынша қызметтің қайта жүргізіле бастағаны туралы қосымша хабарланатын болады.

27 желтоқсан 2021, 16:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.