Атырау, 10 желтоқсан 23:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

ТМРА ешқашан ешнәрсеге қарсы болмайды. Газшылар «температураны» өздері алып тастады.

3 114 просмотра

ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің облыстық департаменті газшылардың «температуралық» коэффициенттерді қолдануын («Газ: есепшоттар көбейді» және «Халықтың айтары бар» мақалаларын қараңыз) заңды деуге болады деп «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-мен бейбіт келісімге келді. Ал «КТГ Аймақ» АҚ-ның бұл идеясы, әрине, халыққа қызметтер мен тауарлар ұсынатын басқа компаниялардың өз тәжірибелеріне енгізуге үлгі болардай-ақ.

Мәселен, жазда темір созылады, сәйкесінше табиғи газ секілді осындай физика заңдылықтарына бағынатын рельстер де ұзарады. Сондықтан да ҚТЖ жылдың бұл мезгіліне қымбат, жазғы билет тарифін белгілеуі мүмкін. Немесе «Эйр Астана» қарсы бағыттан жел соққанда ұшақтар отынды көп жағады, сондықтан да әуе билеттерінің бағасына қарсы жел тұрғанда «метеорологиялық» коэффициенттер қосылуы тиіс деп ТМРА мен үкіметке оңай дәлелдей алады.

 

«МІНЕ, ҮКІМЕТ ТЕ БЕКІТТІ...»

Газ есептегіштердің орналасқан жеріндегі температуралық жағдайларға байланысты табиғи газды тұтыну төлемін есептегенде түзету коэффициенттерін қолданудың заңдылығын тексеріп беру жөніндегі біздің хатымызға үстіміздегі жылдың 14 ақпанында келген ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі департаментінің жауап хатында олар газшылардың осы коэффициенттерді қолдануына келісіп отыр. Хаттан үзінді: «Газ жеткізу ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 10 тамыздағы №1041 қаулысымен бекітілген «Тауарлы және сығылған мұнай газын бөлшек саудаға шығару және қолдану ережелерінің» 4-тарауы 41, 42, және 43-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады. 41-тармақ: Тауарлы газды өткізу және тұтынуға оның көлемін есептемей рұқсат етілмейді; 42-тармақ: Есептеу мақсатында тауарлы газ көлемін өлшеу бірлігіне Цельсий бойынша 20 градус температурадағы  және 760 миллиметр сынап бағанасындағы қысымдағы бір текше метр газ қабылданған. 43-тармақ: Егер сыртқы ортаның параметрлері Ереженің 42-тармағында көрсетілгендерден өзгеше болса, онда жеткізуші температуралық корректорлары жоқ аспаптардың көрсеткіштеріне газдың жұмыс параметрлерін стандартты жағдайларға келтіру жолымен кері есептеуді жүзеге асырады».

Республикалық агенттік мекенжайына ресми сауал жолдай отырып, біз мысал ретінде тұтынған газ үшін қараша айында 505 теңге мөлшерінде, ал желтоқсанда 6,7 мың теңгеге есепшот келген  Құспан молла көшесі №19 үйдің тұрғыны Наталья БЕРЕЗИНАНЫҢ оқиғасын алдық. Бұл туралы департамент былай жауап берді: ««ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ты тексеру барысында 2012 жылғы желтоқсан айында түзету коэффициенті мөлшерін негізсіз қолданылғаны анықталды. Тұтынушы Н. Березинаға қараша, желтоқсан және қаңтар айларына төлем жалпы сомасы 1 213,46 теңге болатын 269 текше метрге кері есептелді».

«АЖ» тілшісінің департамент директоры Балжан ДОСМҰХАМБЕТОВАМЕН болған әңгімесінде, ол тексеру Н. Березинаның шағымынан кейін жүргізілгенін басып айтты.

- Редакцияға күн сайын газ төлемдерін артық есептегендері туралы телефон шалып жатқан азаматтарға не болады?

Бұл сұраққа Балжан Ибатқызы былай жауап берді.

- Бізге келіп шағымдансың, біз тексереміз!

 

БАСЕКЕ, АЛЫП ТАСТА!

Үстіміздегі жылдың 15 ақпанында іс кездейсоқ өзгеріске ұшырады, «Атырау» КБӨО» ЖШС директоры Салауат ҚАДЫРҒАЛИЕВПЕН болған телефон арқылы әңгімемізде ол «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ облыстық филиалы бас директорының орынбасары Мақсот ӘБУОВ оған 1 ақпаннан бастап облыс тұрғындарына өтем коэффициенттерін қолданбау туралы хат жібергенін айтты.

Осыншама дау көтерген өтем коэффициентерін қолдануды тоқтату немесе алып тастау туралы шешімді түсіндіруден Мақсот Нұрланұлы бас тартты. Ол Алматыдағы бас кеңседен ауызша үкім алғанын, жазбаша растау соңынан келетінін айтты. Біз Алматыға телефон соқтық. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ баспасөз хатшысы Дилбара ЕСЕНКЕЛДИНА ешқандай өтем коэффициенттерін алып тастағаны туралы естімегенін айтты. Оның айтуынша, мұндай өкім тек Табиғи монополияларды реттеу агенттігінен (ТМРА) ғана келуі мүмкін, алайда ондай қағазды ол көрмеген. ТМПА департаментінің директоры Б. Досмұхамбетова да «температуралық» коэффициенттің алынып тасталғаны туралы білмейтін болып шықты. Жағдайға қай құдірет иесі араласты екен? Оқиғаның әрі қарайғы өрісі туралы оқырмандарды хабардар етіп отыратын боламыз.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

15 ақпан 2013, 19:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.