Атырау, 27 желтоқсан 03:34
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Халықтың айтары бар (+фото, бейнежазба)

3 521 просмотра

7 ақпанда Жұмыскердегі Исатай Тайманов атындағы мектепте тұрғындардың «ҚазТрансГаз Аймақ» облыстық филиалының өкілдерімен кездесуі болып өтті. Басты мәселе – газ есептегіштері ашық аспан аясында орналасқан тұтынушылар үшін жақында енгізілген түзету коэффициенті жөнінде болды (АЖ» №4, 24.01.13 ж., «Газ: есепшоттар көбейді» жарияланымын қараңыз).

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ӨФ-ның маркетинг және өткізу жөніндегі директордың орынбасары Мақсот ӘБУОВтүзету коэффициенті «көп емес» дегенді айтқан болатын. Ол 2012 жылы 10 тамызда ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидаларының» 42, 43-тармақтарының негізінде арнайы әдістемемен есептеледі. Коэффициент «Қазгидромет» РМК ұсынатын ауаның орташа айлық температурасына және орташа атмосфералық қысымға байланысты болады. Желтоқсан айында сыртта орналасқан есептегіштер үшін коэффициент 1,15, ал қаңтарда – 1,14 құрады. Оның сөзіне қарағанда, «орынжай ішіне орнатылған есептегіштерге де 1,006 түзету коэффициенті қолданылады» екен.

Зал іші шулап кетті. Ауыл тұрғыны Жалғас КҮЗЕМБАЕВ (суретте):

Тарату жәшіктерінен газ апталап ауаны бүлдіріп жатыр. Ауа-райы үшін неліктен біз ақша төлеуге тиіспіз? - деді.

Тұрғындардың көпшілігі кездесуге газ есепшоттарын ала келіпті. Нүрия БАЙМҰХАНОВА түбіртекті сілкілеп, көрсетіп:

Сіздер түзету коэффициенті абоненттік төлем сомасының 15 пайызын құрайды деп отырсыздар. Ал мына жерде біз жартысынан көбін төлеп отырмыз, - деді.

М. Әбуовке «“Атырау” коммуналдық қызмет үшін есеп айырысу орталығы» ЖШС директоры Салауат ҚАДЫРҒАЛИЕВ көмекке келді:

Ееспшотқа қатысты сұрақтары бар адамдар, Алмагүл ықшамауданы, №3 үйде орналасқан компания кеңсесіне келіңіздер.

Ол  билингтік компанияның бақылаушылары әр айдың 20-ынан бастап 30-ына дейін есептегіштер көрсеткішін алатынын хабарлады.

Өтемдік тариф есептелмес үшін, термокомпенсаторы бар есептегіш орнату керек. Мұндай есептеу құралдарында «Т» таңбасы болады, – деп ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ӨФ газбен қамту режимін есептеу бөлімінің бастығы Аркадин ФАДИН үміттендіре бастап еді. Бірақ кейін мұндай есептегіштің құны 7 мыңнан бастап 14 мың теңгеге дейінгі аралықта екендігі, ал оны орнату үшін «ҚазТрансГаз Аймақтың» 5-8 мың теңге алатындығы анықталды.

Залдан тағы бір сұрақ қойылды:

– Сіздегі бақылаушылар пәтерлерді аралап, абоненттер туралы ақпарат жинайды. Тұрғын алаң көлемі мен отбасы құрамын сұрайды. Бұл адамдарды алаңдатып отыр. Тағы бір жаңа әдіс ойлап таппақсыздар ма?

С. Қадырғалиев енді ешқандай әдістеме болмайтынын, тұтынушылар туралы мұндай ақпаратты барлық монополисттер жинайтындығын айтты. Естеріңізге салсақ, «АЖ» Республикалық табиғи монополиялрды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат ОСПАНОВТЫҢ атына «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ӨФ-ның түзету коэффициентін енгізу әрекетінің заңдылығын тексеру өтінішімен сауал жолдаған еді. Агенттіктің баспасөз хатшысы Перизат ШАКЕНОВА хабарлағандай, тексеру әлі аяқталмаған.

 

 

 

 

 

 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті және бейнежазбаны түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

8 ақпан 2013, 12:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.