Атырау, 24 қараша 23:45
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Түрік лирасы нығая бастады

2 242 просмотра

Түркияның мемлекеттік банктері осы аптада долларды қарқынды түрде сатып, лира бағамын жоғарылатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттік дереккөздері мәліметінше, сатылым валюта қорының құлдырауына сәйкес келді. Ол Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған валюта дағдарысын тоқтатуға арналған депозиттерді қорғау схемасын жариялағаннан кейін тек дүйсенбі мен сейсенбіде шамамен 6 миллиард долларға қысқарған.

©REUTERS

Екінші дереккөз, банктердің бірінің аға кеңесшісі мемлекеттік банктің дүйсенбі мен сейсенбідегі интервенциясы 3 миллиард доллар болғанын айтты.

Reuters агенттігі мәліметінше, Түркияның Қаржы министрлігі де лираны сақтап қалудың тәуекелді жоспарын әзірлеп жатыр. Үкімет депозиттерді қорғау схемасы түріктерді жергілікті жинақтардың жартысынан көбін құрайтын шетел валютасын емес, лираны сақтауға шақыратынын айтты. Дегенмен, сарапшылар егер лира бәсекесі тоқтап, керісінше болса, бұл схема инфляцияны одан әрі өршітіп, мемлекеттік қарызды көбейтіп, валюта қоры бітуі мүмкін деп ескертеді.

©REUTERS

Ердоған Қазынашылық пен орталық банк кейбір ұлттық валютадағы депозиттерің құнсыздануына кепілдік беретін схеманы жариялағаннан кейін лираның құны осы аптада 50 пайыздан аса көтеріліп, рекорд төмен деңгейге жетті. Бұған төтеп беру үшін орталық банк осы айда бес тікелей нарықтық интервенция жариялады, банкирлердің айтуынша, олардың жалпы сомасы 6 миллиардтан 10 миллиард долларға дейін.

©REUTERS

Ресми деректер банктің таза валюталық қоры өткен аптада бір апта бұрынғы 21 миллиард доллардан 12 миллиард долларға дейін төмендегенін көрсетеді.

Түрік банктер қауымдастығын басқаратын, Ziraat Bank бас директоры Алпаслан Чакар Ердоғанның мәлімдемесінен кейін долларды нарықта сатуға бағытталған жалпы қысымның шамамен 1 миллиард доллар болғанын айтты.

24 желтоқсан 2021, 09:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.