Атырау, 23 желтоқсан 22:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Атырау облысында бір тәулікте 6 адам Covid-19 жұқтырған

1 725 рет қаралды

Атырау облысында коронавиру инфекциясын тарату жалғасуда, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 6 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 5 жағдайы расталды, Жылыой ауданында - 1, Құрманғазы ауданында 1 науқас тіркелді. 

Коронавирус инфекциясы бар 3 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 3 адамда ауру белгілері жоқ. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 5 адам емделді.

Қазір 75 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 45, фтизиопульманологиялық орталықта  - 3 науқас, 
аудандық инфекциялық стационарларда - 14 емделіп жатыр. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда науқас жоқ.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "жасыл" аймақта.

24 желтоқсан 2021, 10:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.