Атырау, 8 қазан 19:53
 бұлттыВ Атырау +14
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

​ТШО: «Біз сұранысқа ие мамандықты игерген адамдарды босатамыз»

1 972 просмотра

2022 жылы Теңіз кен орнынан 39 000 адамның жұмыстан қысқаратыны туралы ақпарат қоғамдық резонанс тудырды. «АЖ»-ның сауалына «Теңізшевройл» қазіргі таңда Келешек Кеңею Жобасының 87 пайызға аяқталғанын және бекітілген жоспарға сәйкес шынымен босаған жұмыс күшін біртіндеп демобилизациялау басталатынын хабарлады.

Жұмысшыларды қысқартуды ТШО Атырау облысының әкімдігі, энергетика министрлігі, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесе жүргізеді. Алайда ТШО нақты жұмысшы санын айтпады.

«Теңізшевройл» ККЖ-ҰЕҚБЖ жобасын жүзеге асыру барысында оқытылған және білікті жергілікті кадрлар, технологияларды халықаралық компаниялармен әріптестік арқылы беру және өңірдегі жаңғыртылған инфрақұрылым түрінде мұра қалыптастыруға көмектесті. Аталмыш жобаны іске асыру кезінде ТШО сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарды алу үшін 19 000-нан астам адамды оқытуды және қайта оқытуды қаржыландырды» - делінген жауапта.

2022 жылдың бірінші тоқсанында 7 мың адам қысқартуға ұшырайды. Облыстық жұмыспен қамту басқармасындағылар оларға қолдау білдіретінін жеткізді.

- Бұл тек болжам. Биыл жоспарланған 15 мың адамның тек 2 мыңы қысқартылды, - дейді жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Әбілқасымов. – Мемлекеттік бағдарламалар аясында 12 мыңдай адамды жұмыспен қамтимыз деп отырмыз. Мұнай-химия саласындағы жобаларымыз бар, олардың құрылысы кезінде 20 мың адам жұмыспен қамтылады.

Фархат АБИЛОВ

23 желтоқсан 2021, 16:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.