Атырау, 23 желтоқсан 23:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Атырау облысында бір тәулікте 8 адам Covid-19 жұқтырған

1 793 рет қаралды

Атырау облысында коронавирус инфекциясын тарату жалғасуда, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирус инфекциясымен 8 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 7 жағдайы расталды, Құрманғазы ауданында 1 науқас анықталды. 

Коронавирус инфекциясы бар 2 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 6 адамда ауру белгілері жоқ. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 3 адам емделді.

Қазір 68 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 50, фтизиопульманологиялық орталықта - 3 науқас, 
аудандық инфекциялық стационарларда - 15 адам емделіп жатыр. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда науқас жоқ.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "жасыл" аймақта.

23 желтоқсан 2021, 10:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.