Атырау, 25 желтоқсан 15:29
 ашықВ Атырау -9
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Түркістан облысында із-түссіз жоғалған оқушының денесі кәрізден табылды

1 558 рет қаралды

Түркістан облысының полицейлері жоғалған баланың денесін ауладағы кәрізден тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ордабасы аудандық ішкі істер бөліміне Шұбарсу ауылының тұрғыны арызданған. Оның айтуынша, 18 желтоқсанда кәмелетке толмаған ұлы, 8-сынып оқушысы жоғалып кеткен. Ер адам баласы үйінен белгісіз жаққа шығып кетіп, оралмағанын айтты.

"Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер өз үйінің ауласындағы кәрізден 14 жастағы жасөспірімнің мәйітін тапты. Болжам бойынша жасөспірім септикке құлап, қаза болған. Сараптамалар тағайындалды", - деді полиция өкілдері.

Құқық қорғаушылар қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатқанын қосты.

22 желтоқсан 2021, 16:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.