Атырау, 19 қараша 10:38
 бұлттыВ Атырау +5
$ 497.89
€ 525.12
₽ 5.00

​«АЖ» жазғанынан: Бес ұшқыш қалай қаза тапты

3 168 просмотра

Бұл жолы 22 жыл бұрын орын алған апат туралы еске алуды жөн көрдік: сол күні Астрахан облысында атыраулық экипаж мінген тікұшақ құлап, барлық бес ұшқыш қаза тапқан еді.

1999 жылдың 19 қарашасында Мәскеу уақытымен 18.20-да Астрахан облысының Три Потока аулының маңында "KazairWest" әуекомпаниясына тиесілі Ми-8МТВ-1 тікұшағы құлады. Экипаждың 5 мүшесі – командир Александр ЯКИМИДИ, екінші ұшқыш Александр СЕМКИН, бортмеханик Серикжан КУАНГАЛИЕВ, бас инженер Василий ГОРОХОВ және инженер Алексей ЧУРИКОВ тікұшақ үлкен жылдамдықпен жерге құлаған кезде тіл тартпастан кетті.

Бұл тікұшақты KazairWest компаниясы Қазақстанда жұмыс жасау үшін 1998 жылы ақпанда "ПАНХ Краснодар ғылыми-өндірістік кешенінен жалға алған екен. Сол жылдың қарашасына дейін ол Ақтөбе облысында жұмыс жасап, кейін "KazairWest"-тің құрылтайшысы америкалық «Клинтон дейл» компаниясы Ресейде КТК қызмет көрсету бойынша тендерде жеңімпаз болып, тікұшақты Краснодарға қайтару туралы шешім қабылдайды.

17 қарашада тікұшақты тексеру үшін Ақтөбеге "ПАНХ" ҒӨК ұшу қауіпсіздігі бойынша кеңесшісі Сорокалетов келеді. Кейін KazairWest қызметкерлерімен бірге Атырауға ұшып кетеді. Ол жерден Краснодарға 18 қарашада ұшу керек болатын. Алайда оқыс жағдай орын алады: Сорокалетов инфаркт алып, жедел жәрдем көлігінде қайтыс болады.

Атырау-Астрахан-Элиста-Ставрополь-Краснодар бағыты бойынша ұшу мартшруты 19 қарашада басталады, ұшақ бортында Краснодарға жеткізілуі тиіс табыт болды.

Астраханға жеткенде Элистаның ауа райына байланысты тікұшақты тек күндіз қабылдайтыны белгілі болып, ұшқыштар бірден Ставропольға ұшуға бел байлайды, бірақ бұл жерде де ауа райының жақсаруын күтуге тура келеді.

Кешкі 7 шамасында ұшуға рұқсат беріледі. Соңғы тіркелген хабарламаға сәйкес экипаж 1 200 метрге көтерілгендерін айтқан, алайда 15 минут өткен соң астрахандық диспетчерлер олармен байланыстарын жоғалтады. Тағы 50 минуттан кейін әуежайдан 10 шақырым жерде жанып кеткен тікұшақтың қалдықтары табылады. Оқиға орнына ТЖМ, Астрахан әуежайының өкілдері, өрт сөндірушілер, милиция, көлік прокуроры келеді. Тікұшақ құлаған жерде радуисы 25 метр, тереңдігі 2 метр болатын үлкен шұңқыр пайда болып, тікұшақтың тұмсығы жарылыс салдарынан 60 метрге ұшып кеткен.

КСРО мен Ресейдің әуе апаттары туралы электронды базасынан «АЖ» кейбір мәліметтерді тапты. Кабина ішіндегі жазбаның сараптамасы ұшу алдында курс жүйесінің жұмыс жасауында ақау туғанын, бірақ экипаж ұшуға шешім қабылдағанын анықтады. «Кабина ішіндегі жазбаға сәйкес, ұшу кезінде эмоционалды-психологиялық көңіл-күй күшейген. Апат курс жүйесінің істен шығып, әуе радио компастың және сол жақ әуегоризонтының жұмыс жасамауы, экипаждың кеңістіктегі бағдарды жоғалтуы себебінен болған».

…Сот-медициналық сараптама мүрделерді сәйкестендірді. Табыт туған жері Краснодарға, ал біздің жерлестеріміз Атырауға жеткізілді. Әуежайда азаматтық жаназа өтті.

Фархат АБИЛОВ

Коллажды жасаған Еламан НУХИН

22 желтоқсан 2021, 11:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.