Атырау, 8 қазан 19:54
 бұлттыВ Атырау +14
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Жас ақындар айтысы: «Мұнайымыз болмағанда қайтер едік?»

2 439 просмотра

21 желтоқсанда Атырауда 30 жасқа дейінгі 18 айтыскер ақын қатысқан Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған облыстық жас ақындар айтысы өтті. Жыр додасында әзілге де, сынға да орын берілді.

Сөз барымтасында қызылқоғалық ақын Ерболат Қарақойшы “16 Желтоқсанда жастардың қорлықпен өлген күнін мереке деп тойлап жүрміз” деп, өзінің мерекеге қайшы пікірін білдірсе, осы жолдардың авторы еліміздің беделі мен экономикасы көбіне ірі мұнай қорларына тәуелді екенін еске салды. Ал, мұнайымыз болмағанда қайтер едік?

Қазылар алқасы бас жүлде мен 300 мың теңге сыйлықты осы жолдардың авторына табыстауды лайық деп санаса, жүлделі 1 орын мен 200 мың теңге сыйлығы қызылқоғалық Батыржан Қадірбайға бұйырды. Жүлделі екінші орынды (100 мың теңгеден) индерлік ақындар Абылай Смағұлов пен Баймұрат Кеңес  еншілесе, үшінші орынға (75 мың теңгеден) исатайлық Амангелді Панабердиев, атыраулық ақындар Алшынбек Мұқанғалиев және Фариза Жетпісбаева ие болды. Басқаларына алғыс хат пен 50 мың теңгеден ақшалай сыйлық табыс етілді.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті түсірген автор

23 желтоқсан 2021, 17:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.