Атырау, 8 қазан 19:59
 бұлттыВ Атырау +14
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Өскемендегі 6 жасар қыздың өлімі: 3 күнде 85 қаңғыбас ит атылды

1 464 просмотра

Өскеменде қаңғыбас иттерді жаппай ату басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24"-ке сілтеме жасап.

Белгісіз жануардың шабуылынан қыз қайтыс болған қайғылы жағдайдан кейін мамандар осындай шешім шығарды. Бұл оқиға 17 желтоқсанда "Красинец" бау-бақша серіктестігі аумағында болған еді. Сол жерден баланың денесі табылды. Алған жарақаттарына қарап, қызға жануар шабуыл жасағаны белгілі болды.

РЕКЛАМА

Қаңғыбас иттер төтенше жағдай болған Лесхоз ауылында ұстала бастады. Сонымен қатар, бұл жұмысты бүкіл қала бойынша жүргізу жоспарланып отыр.

Кейінгі үш күнде 85 ит атылғаны анықталды. Өскеменде осы мақсатқа биыл 17 миллион теңге, облыс бойынша 80 миллион теңгеден аса қаражат жұмсалған.

Басылым мәліметінше, жыл басынан бері өңірде 24 мыңнан аса қаңғыбас ит пен мысық жойылған. Зоотехниктер мұндай шараға қарсы, бірақ ветеринария басқармасы қазір басқа шешім жоқ екенін мәлімдеді.

"Кейбір кезде азаматтар мен жануарлар құқығын қорғаушылар қарсылық көрсетеді. Алайда қаңғыбас ит бір адамға ғана емес, қоғамға қауіпті. Сондықтан бұл жұмысты учаскелік инспекторлармен бірге жалғастырып жатырмыз", - деп түсіндірді Шығыс Қазақстан облысы ветеринария басқармасының басшысы Ертай Батхолдин.
22 желтоқсан 2021, 08:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.