Атырау, 8 қазан 21:41
 бұлттыВ Атырау +14
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

​«Атырау» ФК-на бас бапкер тағайындалды

1 653 просмотра

Ол 44 жастағы Константин Горовенко. Оның штабына көмекшісі Денис Мамонов  пен қақпашылар бапкерi Юрий Новиков кіреді. 

Константин Горовенко жеке бапкер ретінде қызметін 2017 жылы «Қайрат» жастар клубын басқарғанда бастады. Ол басшылық еткенде «Қайрат-Жастар» Бірінші лигада қола жүлдегер болды.

2018 жылдан 2020 жылға дейін Бірінші лигада «Жетісу Б» командасын жаттықтырып, екі рет 5-орынға шықты.

2020 жылдың маусымында Премьер лига командасы – қарағандылық «Шахтер» командасын басқарды. Маусымдық ойындардың қорытындысымен «Шахтер» төртінші орынға шығып, еурокубокқа жолдама алды.

Соңғы кезде Константин Горовенко «Мақтаарал» ФК басқарды. Онда жұмыс жасағанда клуб Бірінші лиганың күміс медаліне қол жеткізіп, футболдан Қазақстан чемпионатына жолдама алды.

Еске сала кетейік, 6 желтоқсанда «Атырау» ФК ұжымына жаңа бас директор Эрнис Есмағамбетов пен бас менеджер Әлішер Апсалямов таныстырылған еді. Енді спорт директорының қызметі бос тұр. Оған кім тағайындалатынын клуб «жақын арада» хабарлаймыз деді.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

19 желтоқсан 2021, 01:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.