Атырау, 5 қазан 13:31
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Жаңа балабақша Ракуша тұрғындарын қуантты

Сурет
3 529 просмотра

Өзім ана ретінде мен Ракуша ауылының жас тұрғындары үшін шын жүректен қуандым – енді олардың балалық шағы сурет бөлмесі, сенсорлық үстелдер, спорт залы және көптеген жаңа ойыншықтары бар тамаша балабақшада өтетін болады.

Бала қиялы – бүлдіршіндерге кеңістікті кеңейтуге, галактиканың шегінен шығуға және уақыт аралағында саяхаттауға мүмкіндік беретін арнайы құрал. Қабырғадағы әжеміздің кілеміндегі өрнектерді тамашалаған кезде қаншама таңғажайып жаңалықтар ашатындығымыз естеріңізде ме? Ал «Теңізшевройл» ЖШС-нің «Игілік» ерікті әлеуметтік-инфрақұрылымдық бағдарламасы аясында бой көтерген жаңа балабақша тәрбиеленушілерінің енді қайта-қайта оралғысы келетін өзіндік ерекше елі бар.

Аулада кішкентай бүлдіршіндерді жарқыраған ойын алаңы, дәлірек айтсақ, сырғанақтар, әткеншектер, тербелмелер және серіппемен жұмыс істейтін тербелмелер, өрмелеуге арналған әртүрлі құрылғылар, үйлер мен күркелер, құмсалғыштардан тұратын көпфункциялы ойын кешені қарсы алады. Мұнда балалар бірнеше сағат армансыз ойнай алады, ал балабақша жанынан өтіп бара жатқан мектеп оқушыларына тек қызғанышпен қарап тұруына тура келеді. Сонымен қатар, жалпы спорт алаңы мен жол қозғалысы ережелерін үйренуге арналған алаң бар. Және бұл кеңістіктің барлығы балаларды құлап қалудан, соғып алудан қорғайтын арнайы қауіпсіз жұмсақ төсемдермен қапталған.


Ғимарат ішінде балалардың қауіпсіздігі үшін де барлығы қарастырылған – кіре берісте бейтаныс адамның кіруін шектейтін турникет бар, барлық жерде бейнебақылау камералары орнатылған.

280-орындық жаңа балабақша 3 пен 7 жас аралығындағы балаларға арналған. Ауданы 2785 ш.м. ғимаратта балалардың табысты дамуы мен денсаулығына қажеттінің бәрі қамтамасыз етілген. Жұмсақ пастелді түстермен боялған қабырғалар жануарлар мен сүйікті кейіпкерлердің бейнелерімен безендірілген. Кең бөлмелері балаларға арналған кез келген ойын-сауық орталығы қызығатын ойын алаңдарымен жабдықталған. Балабақшада гимнастика және музыка сабақтарына арналған әмбебап зал, дене шынықтыру залы және ең қызығы, әуесқойлығына байланысты қатысуға болатын арнайы үйірме бөлмелері бар, мысалға сурет салу бөлмесі шағын, бірақ шынайы мольберттермен жабдықталған. (фото осында)


Мен көптеген елдерде болдым және бұл балабақша ең озық стандарттар бойынша салынған, заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған деп сеніммен айта аламын. «Теңізшевройл» компаниясы білім сапасы мен оның қолжетімділігін дамытуға ерекше көңіл бөледі. Біз әрбір бала мен жасөспірімнің жеке қабілетін дамыту мақсатында кәсіптік бағдар беру және жастарды икемді дағдыларға үйрету бойынша жобаларды қолдап келеміз, - деді Рзабек АРТЫҒАЛИЕВ, ТШО-ның Үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері.

Бұл балабақша «Жұмыскер» шағын ауданындағы «Таңшолпан» балабақшасының филиалы болып табылады. Еркінқала ауылдық округінде 3 мың бала, оның ішінде Ракуша ауылында 1144 бала тұрады. Қалалық білім беру бөлімінің басшысы Фаруза Шангерееваның айтуынша, Ракушадағы бүлдіршіндер жақын маңдағы балабақшаларға барады және тек 174 бала мектепке дейінгі мекемелермен қамтылмаған.

Бүгін Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында қаламызда тағы бір білім ошағын іске қоспақпыз. Бұл ауданда тұратын отбасылар үшін маңызды шара және үлкен қуаныш. Балабақша ұжымына сәттілік тілеймін, – деп құттықтады Атырау қаласының әкімі Қайрат ОРАЗБАЕВ.

Облыстық білім беру басқармасының басшысы Сатқан ЕСЕНҒАЛИЕВ атап өткендей, балабақшаның ашылуы бүлдіршіндер үшін ғана емес, барша Ракуша тұрғындары үшін мереке болды, өйткені ол жерде 70 жаңа жұмыс орны ашылды, 30 педагогикалық және 40 техникалық қызметкер жұмыс істейтін болады.

Айта кетейік, 2012 жылдан бері «Игілік» ерікті әлеуметтік-инфрақұрылымдық бағдарламасы аясында Атырау облысында 15 балабақша салынды. 

Міне, Ракуша ауылындағы балабақша жаңа жылдан бастап алғашқы тәрбиеленушілерін қабылдайтын болады. Бүлдіршіндерге бақытты балалық шақ тілейміз!

18 желтоқсан 2021, 09:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.