Атырау, 8 қазан 21:45
 бұлттыВ Атырау +14
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Ішімдіктің ақыры

1 747 просмотра

15 желтоқсанда Құлсары қаласында ауыр жарақатпен жергілікті әйел ауруханаға түсті. "АЖ" мәліметі бойынша екі әйел ішімдік ішіп, біраздан кейін сөзге келіп қалып бірі екіншісінің кеуде тұсына пышақ сұғып алады.

- 39 жасар әйел ауыр халде ауруханаға түсті, оған дереу ота жасалды. Көп қан кетіп қалуына байланысты оған қан құйылды. Әйелдің жағдайы ауыр, жансақтау бөлімшесінде жатыр, - дейді Жылыой аудандық ауруханасының бас директоры Нұрбек ҮКІБАЕВ.

31 жастағы күдікті әйел ұсталды. Қылмыстық іс көтеріліп, тергеу жүруде.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

19 желтоқсан 2021, 00:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.