Атырау, 17 тамыз 03:59
 дождьВ Атырау +20.5
$ 464.02
€ 536.18
₽ 5.54

​Индербордағы жаңа жылдық қоныстой кейінге қалды

2 433 рет қаралды

Индербор кентінде биыл пайдалануға берілуге тиіс көпқабатты 4 үйде қоныс тойы тойланбайтын болды. Аудандық әкімшіліктің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, абаттандыру жұмыстары қарқынының баяу жүруіне байланысты үйлер тапсырылмай отыр.

2018 жылы «Көктем» шағын ауданындағы 11-учаскеде 4 қатарлы 48 пәтерлік 4 үйдің құрылысы басталған еді. Мердігер «ЕвростройА» ЖШС-і осы жылдың қазанында үйлердің құрылысын толық аяқтап шықты, алайда...


- Үй салынды, бірақ келесі жылы беріледі. Өйткені жаяу және автомобиль жолдарының құрылысы бітпей қалды. «АгроСпецМонтаж» ЖШС-і биыл 9 млн теңгенің жұмысын жасады, ал келесі жылы қажетті қаржы бөлінгеннен кейін жолдардың құрылысы жалғасады, - дейді аудандық құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нариман ҒИНАЯТОВ. – Айта кетерлігі, биыл тамызда 80 пәтерлік үй пайдадануға берілді; одан бөлек 80 пәтерлік екі үйдің іргетасы қаланып отыр.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суретті түсірген автор  

15 желтоқсан 2021, 11:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.