Атырау, 26 сәуір 10:08
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

"Алтын глобус - 2022" сыйлығының номинанттары анықталды

2 049 просмотра

Голливудтың шетелдік баспасөз қауымдастығының (HFPA) ең беделді жүлделерінің бірі "Алтын глобус - 2022" номинанттарының есімдері белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Golden Globe Awards-қа сілтеме жасап.

"Иттің күші" және "Белфаст" кинодрамалары жыл сайынғы "Алтын глобус" сыйлығының номинацияларында көш бастады. 1970 жылдары Солтүстік Ирландияда болған оқиғаларды суреттейтін "Белфаст" фильмі және режиссер Джейн Кэмпионның "Иттің күші" жеті номинацияға ие болды. Одан кейін жаһандық жылыну туралы сатира "Жоғары қарамаңыз", теннистен чемпиондардың әкесі Венера мен Серена Уильямс туралы "Король Ричард", режиссер Стивен Спилбергтің "Батыс тарихы" классикалық мюзиклінің жаңа нұсқасы және америкалық режиссер Пол Андерсонның "Мия пиццасы" драмасы төрт номинацияға ие болды. Netflix фильмдері 17 номинацияға ие болды.

14 желтоқсан 2021, 10:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.