Атырау, 13 қазан 17:06
 дождьВ Атырау +25.2
$ 451.31
€ 504.56
₽ 5.36

​Мал іздеп шығып, далалықта адасып қалды

2 272 рет қаралды

6 желтоқсанда Қызылқоға аудандық полиция бөліміне Миялы ауылының азаматшасы хабарласып, 41 жастағы жолдасы Асхат КУШЕЛЕКОВ мал іздеп кетіп, қайта оралмағаны туралы хабарлады.

Іздестіру жұмыстары жүріп, 4 сағаттан кейін Жангелдин ауылынан 40 шақырым қашықтықтағы «Жұмыршы» учаскесінен табылды.

- Жолдан адасып қалдым. Шаршап, әбден әлсіредім. Полиция дереу алғашқы көмек көрсетіп, киімімді ауыстырып, аман-есен үйіме жеткізді. Шексіз алғысымды білдіремін, - деді Асхат Кушелеков.

Қызылқоға АПБ учаскелік инспекторы Ерлан Жұмагереев:

- Аудан тұрғындары ауа-райының қолайсыздығына қарамастан малын іздеуге шығып, далалықта адасып қалуы әбден мүмкін. Әсіресе түнде алыс сапарлардан аулақ болуды ескертеміз.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

9 желтоқсан 2021, 10:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.