Атырау, 13 қазан 17:05
 дождьВ Атырау +25.2
$ 451.31
€ 504.56
₽ 5.36

​Атырау облысында бір тәулікте 7 адам Covid-19 жұқтырған

1 810 рет қаралды

Атырау облысында коронавирус инфекциясын тарату жалғасуда, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырған 7 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 5 жағдайы расталды. Қызылқоға ауданында  - 1, Құрманғазы ауданында - 1 науқас анықталды. 

Коронавирустық инфекциясы бар 5 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 2 адамда ауру белгілері жоқ. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 51 адам емделді.

Қазір 98 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 59, аудандық инфекциялық стационарларда - 22. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 13 науқас емделуде.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "жасыл" аймақта.

9 желтоқсан 2021, 09:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.