Атырау, 19 наурыз 15:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.30
€ 489.69
₽ 4.89

​Президенттің аттасы Атырауда әлі тумапты

1 556 просмотра

30 жыл ішінде Атырауда 642 ұлға Нұрсұлтан есімі берілсе, қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аттасы әзірге біздің қаламызда тумапты.

Екінің біріне Нұрсұлтан деп ат қою дәстүрі қазір біраз саябырсыды, дегенмен, әлі де жиі кездеседі. Біздің замандастарымыздың арасында жиі кездесетін Беріков, Серіков, Гүлмира мен Жанаргүл деген есімдерді АХАЖ бөлімінен таба алмайсыз. 2007 жылы ұлдардың арасында Әлихан, Әли, Райымбек, қыздардың арасында Ақерке, Нұрай, Жанерке деген аттар жиі кездеседі. 2008 жылы мұсылман есімдері сәнге кірді және жыл өткен сайын көбейіп келеді. Мысалы, былтыр ұлдарға Ибрахим есімі көбірек беріліпті, екінші орында Әлихан есімі тұр. Үштікті Нұрислам қорытындылайды. Одан кейін Ахмад бар. Қыздарды Айша мен Раяна деп атаған, кейінгі орындарда Айлин мен Медина жиі кездеседі.

2014 жылы Әлихан мен Айзере көш бастап, Ерасыл, Нұрислам, Нұрасыл, Айсұлтан, Санжар, Рамазан, Мирас, Артем, Айару, Інжу, Кәусар, Айша, Әмина, Аружан, Аяулым, София ең жиі қойылатын есімдерге айналды.

Соңғы кездері сирек есімдер де қойыла бастады. Мысалы, ұлдарды Анас, Саад, Алхан деп атаса, қыздарды Наэлита, Изель, Айнара, Аймара, Інжіл, Анеля деп атауда. Бұрынғы есімдерді өзгертіп жазу да кең тарап барады, мысалы, Жанара, Инкара, Жасмина, Аделя.

АХАЖ қызметкерінің айтуынша, осы жылы Раяна, Ясмина, Фатима, Айзере, Көзайым, Әлихан, Омар, Осман, Ибрахим, Әли, Хантөре есімдері көш бастаған.

1991 жылы Атырау облысында 11 600 сәби дүниеге келген. 30 жылдың ішінде өңір халқының саны 220 мыңға артқан – 1991 жылы 432,9 мың халық 2021 жылы 657 мыңға дейін өсті. Орташа өмір сүру ұзақтығы да 65,9-дан 70,52 жасқа ұзарып, халықтың табиғи өсім коэффициенті 1000 адамға артты (18,80-нен 20,02). - Егер 1991 жылы 11 600 бала дүниеге келсе, 2020 жылы 17,7 мың бала туған, - дейді облыстық перинаталды орталық директорының м.а. Қазбек ЕРМАҒАМБЕТОВ.

Бұл арада облыстағы туу коэффициенті еліміз бойынша жоғары орындардың бірінде: 1000 адамға шаққанда жыл сайын 28-29 сәби дүние есігін ашады екен.

Зульфия ИСКАЛИЕВА 

8 желтоқсан 2021, 14:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.