HALYKSOZI.KZ. «ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЛАРЫ «ҚОРАҒА» КІРДІ» - 7 ақпанда Григорий Марченко зейнетақы қорларының үш «варианты» бар екенін ашық айтты. «Зейнетақы қорлары басқарушы компанияға айналуы мүмкін (Келімбетов мырза айтқандай – ред.), немесе тек қана ерікті салымдармен жұмыс істейтін зейнетақы қоры ретінде жұмысын жалғастырады, я болмаса өз еркімен таратылып, нарықтан кетеді. Өзін-өзі жойғысы келетін қорлар активтерін сатып, бастапқы капиталын қайтарып ала алады. Бұл енді қордың өз шаруасы».
«АВСТРИЯЛЫҚ СИЫРЛАР АСЫЛЖАНҒА СОР БОЛДЫ» - Осыдан бірнеше жыл бұрын Өмірзақ Шөкеевтің (ол кезде Шөкеев Премьер-министрдің бірінші орынбасары еді) «2015 жылға қарай жылына 60 мың тонна ет экспорттаймыз. Ол үшін шетелден мал әкеліп, осы саланың әлеуетін көтеру керек» деуі мұң екен күллі шенеунік біткен шекара асып, шұбырып кетті. Берісі – Австрия, арысы – АҚШ, Канада асып барып, келісім жасасып қайтты.
AIKYN.KZ. «Қазғарыш»: ұлттық мүддені табанды қорғау – басты міндет» - «Мұнда қазақша айта алатын адам бар ма?» деп аңыраған тілшілерге «Қазғарыш» басшысының орынбасары Мейірбек Молдабеков келді. Мына жайттың мәнісін де сол кісіден сұрадық: «Роскосмос» Қазақстан мен Ресей арасындағы «Байқоңыр» туралы Келісімнің жаңа жобасын кері қайтарып тастапты.
«Қара тізімдегі» үш қылмыскер - «Интерпол» Халықаралық полициясының қырына қазақстандық 55 адам іліккен. Олардың арасында халықтың ақшасын аяусыз тонап, Швейцария асып кетен Виктор Храпунов және оның бизнеске жақын әйелі Ләйлә Храпунова, «БТА банкін» тақырға отырғызып, миллиардтаған ақшаны жымқырған Мұхтар Әбілязов та бар.
ALASHAINASY.KZ. «Жоғары сынып пен жоғары білімнің айырмасы қайсы?» - Бір оқу ордасында орта есеппен 17 мыңнан астам пән оқытылады екен. Оның ішінде Қазақстан тарихы, қазақ тілі және математика сынды мектепте де, колледжде де, университетте де оқытылатын сабақтар бар. Осындай қажетсіз пәндердің саны жалпы пәндердің 30 пайызынан асып түсетін көрінеді.
AZATTYQ.ORG. «Польша депутаттары Козловпен жүздесе алмады» - Кездесе алмайтынымызды «ішіміз сезді» деген депутат көктемде тағы келетінін жеткізді.
BAQ.KZ. «Алты негр баласы» немесе үшінші Рейхтың қордалы құпиясы - Тарихта қанқұйлы диктаторлар туралы алыпқашпа әңгіме жиі айтылады. Оның ішінде шындығымен өтірігін айыру қиын. Бәрінің мәтіні бір, «болған екен-мыс», «сүйткен екен-мыс» деп кете береді... Дегенмен тарихта «Алты негр баласы» деген атпен үшінші Рейх басшыларын құтқару жөніндегі атақты операция жөнінде көп айтылмайды. Бәлкім, мұнда үлкен бір құпия жатқан болар.
«Британия Ауғанстандағы әскерін Өзбекстан арқылы шығаратын болды»
ABAI.KZ. «ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУГЕ ҚАРСЫМЫЗ!» - Латын әліпбиіне көшкен жас бүлдіршіндеріміз кириллицада басылған баба тарихымыздан, рухани парасатымыздан қол үзіп қалатыны айдан анық. Латыншаға ауысқан Өзбекстан мен Әзірбайжан республикаларының қаншама ғылым, әдебиет, өнер қайраткерлері бізге осы мәселе төңірегінде өз өкініштерін білдіргені жадымызда.
ZHASALASH.KZ. «Халыққа оқ атқызған президент сотталды» - Естерiңiзде болса, Қырғызстанда 2010 жылдың сәуiр айында жаппай көтерiлiс болып, ел президентi Құрманбек Бакиев билiктен қуылған едi. Сөйтiп, Бакиевтiң отбасылық-кландық билiгi құлап, демократиялық қадамдарға жол ашылды. Нәтижесiнде наразы халық уақытша үкiмет жасақтады. Елдiң Ата заңына өзгерiстер енгiзiлiп, парламенттiк басқару жүйесi орнады. Бiрақ бұл жолда 87 адамның қаны төгiлдi.