Атырау, 23 желтоқсан 22:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Атырау облысында Covid-19 жұқтырғандар саны күрт азайды

1 904 рет қаралды

Атырау облысында бір тәулікте 4 адам  Covid-19 жұқтырды, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирус инфекциясымен 4 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 2 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 1 адам, Қызылқоға 
ауданында - 1 науқас анықталды. 

Коронавирус инфекциясы бар 3 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 1 адамда ауру белгілері жоқ. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 16 адам емделді.

Қазір 108 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 69, аудандық инфекциялық стационарларда - 21, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 21 науқас ем қабылдап жатыр.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "жасыл" аймақта.

30 қараша 2021, 09:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.