Атырау, 23 желтоқсан 22:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Әйел «сабасына түсу» үшін мысық өлтірген

2 336 рет қаралды

Жылыой ауданының Құлсары қаласында 38 жастағы әйел балконға мысығын асып қойыпты. Мысықтың өлігін көрген көршілері полицияға хабар берген.

Үш баланың анасы өз әрекетін түсіндіре алмады. Белгілі болғандай, ол сабасына түсу үшін әр ай сайын мысықтарды өлтіріп отырады екен. Полиция ҚР ҚК 316 бабы («Жануарларға қатыгездік көрсету») бойынша қылмыстық іс қозғады.

Бұл соңғы уақытта жануарларға көрсетілген екінші қатыгездік. Өткен аптада балалар күшікті дорбаға салып, тас байлап өзенге лақтырған. Бұл факт бойынша да қылмыстық іс қозғалды.

Фархат АБИЛОВ

29 қараша 2021, 23:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.