Атырау, 29 наурыз 19:26
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Білім басқармасының басшысы – саяси мемлекеттік қызметші емес

1 792 просмотра

Атырау облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Толғанай Көлбаева мемлекеттің 54 млн теңге ақшасын жымқырғаны үшін сотталса да, оның бастығы Сатқан Есенғалиев жұмыстан кетуге асығар емес.

«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға сәйкес бағынышты тұлғаға қатысты айыптау үкімі күшіне енген 10 күн ішінде бірінші басшы жұмыстан өз еркімен кету туралы арыз жазуы керек.

– Білім басқармасының басшысы жұмыстан кетпейді, себебі, ол саяси мемлекеттік қызметші емес. Ол әкімшілік мемлекеттік қызметші санатындағы лауазымды тұлға, сот шешімі заңды күшіне енген соң қолданыстағы заң аясында қатаң сөгіс түріндегі әкімшілік жаза қолданылды, - деп хабарлады облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова.

Еске сала кетейік, сот процесі барысында дәлелденгендей, Толғанай Көлбаева 2015 жылдың 11 ақпаны мен өткен жылдың 30 желтоқсанына дейін басқа да қызметшілермен бірге бюджет қаржысын туыстары мен таныстарының банкомат кәртішкелеріне аударып отырған. Ол 54 млн теңгені иемденіп үлгеріпті. Сот әйелді 7 жылға бас бостандығынан айырды, дегенмен, кәмелеттік жасқа толмаған балалары болғандықтан, жазаны өтеуді 5 жылға кейінге қалдырды. Айыптау үкімі күшіне енгенге дейін ол облыстық әкімдіктегі жұмысын жалғастырып келді.

Фархат АБИЛОВ

29 қараша 2021, 23:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.