Атырау, 24 қараша 23:25
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

2 мыңға жуық мигрант Беларусь шекарасынан Иракқа оралды

1 327 просмотра

Беларусь шекарасында қалған 1876 Ирак босқыны үйлеріне оралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Ирактың ең ірі Iraqi Airways атты әуе компаниясы өзінің Facebook желісіндегі ресми парақшасында мәлімдеді.

Әуе компаниясының мәлімдемесіне сәйкес, Ирак әуе компаниялары түрлі сыйымдылықтағы бес эвакуациялық рейс ұйымдастырған, осы аптада тағы екеуі жоспарланған. 1876 мигранттың қатарына тіркеуде жоқ кішкентай балалар енбеген. Олар ата-аналарымен бірге өткен.

Ирактың Ресей мен Беларуссиядағы консулы Маджид Әл-Кинани бір күн бұрын 1000-нан аса мигрант Беларуссиядан өз отандарына ерікті түрде оралуға ниет білдіргенін айтты. Кейінгі аптада Iraqi Airways ұшағы Минскіден 430-дан аса мигрантты, басым көпшілігі Ирак күрдтерін алып кеткен. Эрбилдегі аралық аялдамадан кейін олар Бағдадқа жеткізілген. Ал 28 қарашаға жоспарланған Iraqi Airways арқылы жүзеге асырылатын рейс тоқтатылған.

Енді Беларусь-Польша шекарасында тұрып қалған Ирак азаматтарын Минск әуежайынан Иракқа эвакуациялауға арналған келесі рейстер дүйсенбі, 29 қараша және сейсенбі, 30 қараша, 13.45-те жоспарланған. Уақыты өзгерсе, әуежайда ескертіледі.

Еске салайық, кейінгі айларда негізінен Таяу Шығыстан келген босқындар Батыс Еуропада тұрақтау үшін Беларусьтен Польшаға, Литваға және ЕО-ның басқа елдеріне кетуге тырысты. Кейінірек Ирак Польша-Беларусь шекарасынан өз азаматтарын қайтаруға шешім қабылдады. 19 қарашада Минсктен кеткен Ирак мигранттары мінген бірінші рейс Бағдадқа қонды.


29 қараша 2021, 12:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.