Атырау, 9 қазан 06:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Самат Ерғалиев ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды

1 458 просмотра

ҚР мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Самат Серікқанұлы Ерғалиев Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі.

Самат Ерғалиев 1979 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Д.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясын, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. 

Еңбек жолын 2004 жылы жеке компанияда жабдықтау жөніндегі менеджер лауазымынан бастады.

2012-2018 жылдары "Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы" РМҚК түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

2018-2020 жылдары - "Спортты дамыту дирекциясы" РМҚК директоры.

2020 жылғы сәуір-қараша аралығында - "Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы" ММ басшысының міндетін уақытша атқарушы; міндетін атқарушы.

2020 жылғы қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін "Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы" ММ басшысы болды.



15 қараша 2021, 11:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.