
Кейінгі екі аптада Алматыда жұмыс орндарында COVID-19 жұқтырғандар саны артқан. Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитария дәрігер Жандарбек Бекшин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Жаңа көрсеткіш пайда болды. Кейінгі екі аптада жұмыс орндарында жұқтыру көрсеткіші көбейді. Көрсеткіш бес пайызға өсіп, тоғыз пайызға жетті. Жұмыс берушілерден эпидемияға қарсы режимді күшейтуді сұраймын", - деді Жандарбек Бекшин.
Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы тұрғындар коронавирусты жиі жұқтыратын жерлерді де атады.
"Тұрғындар сауда орындарында жиі вирус жұқтырады - 29 пайыз. Сондай-ақ, қоғамдық көлікте - 21 пайыз. 22 пайызы ауруды отбасы мүшелерінен жұқтырған. Ал 9 пайызы базарларда", - деп қосты Бекшин.
В Атырау -11