Атырау, 9 қазан 07:23
 ашықВ Атырау +20
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

​Қазақстан бензин мен дизель отынын әкетуге тыйым салмақ

1 253 просмотра
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев

ҚР Энергетика министрі, ҚР ҰҚК төрағасы, ҚР Қаржы министрі және ҚР Ішкі істер министрі бірлескен бұйрыққа қол қойды, онда елден бензин мен дизель отынын шығаруға тыйым салынатыны туралы жазылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасының аумағынан бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін автомобиль көлігімен әкетуге 6 ай мерзімге тыйым салынады, - делінген құжатта.

Майларды, сондай-ақ автомобильдің зауытта орнатылған бактары мен көлемі 20 литрден аспайтын жекелеген ыдыстарда тасуға шектеу жоқ.

Бірлескен бұйрық 2021 жылғы 21 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

12 қараша 2021, 10:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.