Атырау, 9 қазан 07:28
 ашықВ Атырау +20
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

​Қазақстандық фильм «Оскарға» ұсынылды

1 298 просмотра

Режиссер Әділхан Ержановтың «Қазақфильм» киностудиясының қатысуымен түсірілген «Сары мысық» фильмі «Оскарға» ұсынылды. Бұл туралы 24.kz киностудияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

«Шет тіліндегі үздік фильм» номинациясына Қазақстанның «Оскар» комитетінің шешімімен елімізден «Сары мысық» фильмі америкалық киноакадемияның беделді «Оскар» байқауына ұсынылып, кинопремияның лонг-лист тізіміне енгізілді», – делінген мәліметте. 

Еске сала кетейік, басты рөлдерді Азамат Нығманов, Камила Нұғманова, Еркен Ғұбашев, Ержан Жаманқұлов және Санжар Мәди сомдайды. Ал фильмнің продюсерлері – Серік Әбішев пен Ольга Хлащева.

11 қараша 2021, 15:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.