Атырау, 9 қазан 08:29
 ашықВ Атырау +20
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Медициналық бетперде тағу талабы қашан күшін жояды

1 542 просмотра

Сауда ойын-сауық орталықтарына барғанда міндетті түрде бетперде тағу керек, деді денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басшысы Айжан Есмағамбетова. Бұл туралы sputnik.kz хабарлайды.

Есмағамбетова Ashyq жүйесінде "жасыл" статусы бар қазақстандықтарға сауда орталықтарына медицианалық бетпердесіз бара ала ма деп сұраққа жауап берді.

"Жоқ, міндетті түрде бетперде тағуы қажет. Бұған дейін де вакцина салдырғандардың ауырып қалуы мүмкін екені айтылды. Соған сәйкес бетпердесіз бару қауіпті болуы мүмкін. Алайда вакцина салдырған азаматтарда ауру жеңіл түрде өтеді. Инфекция жұқтыру қаупі де төмен болады, алайда мүлде жұқпайды деуге келмейді", - деді Есмағамбетова Үкімет отырысынан кейін.

Ол сондай-ақ Қазақстанда медициналық бетпердені міндетті түрде тағу туралы талапты қашан алып тастайды деген сұраққа жауап берді.

"Дәл қазір нақты күнін ешкім айта алмайды, бұл көп факторлы әрекеттен кейін қабылданатын шешім. Вирус әрі қарай мутацияланып жатыр. Біз қаншалықты баяу вакцина салдырсақ, вирус соғұрлым көбейіп, мутацияланады. Ал мутациялану процесін қазір болжау мүмкін емес", - деді комитет басшысы.

2021 жылдың сәуірінде денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін қазақстандықтардың 60%-і коронавирусқа қарсы вакцина салдыру қажет екенін айтты. Сонда ғана бетперде тағу мәселесі қаралатынын жеткізді.

"Өкінішке қарай қазір зерттеулер мен дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы 60% ұжымдық иммунитетті ең төменгі деңгей деп атап отыр. Вирустың мутацияға ұшырауына байланысты бұл 80% құрайды. Сол себепті қашан медициналық бетпердені шешетінімізді айта алмаймын. Бәріміз бетперде тағудан шаршадық, алайда ол коронавирустан қорғанудың бір жолы", - деп қорытындылады Есмағамбетова.

10 қараша 2021, 11:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.