Атырау, 9 қазан 09:32
 ашықВ Атырау +20
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Елордада бұқаралық медианы заңнамалық реттеу мәселелері талқыланып жатыр

1 284 просмотра

Елордада бұқаралық медианы реттеу жөніндегі заңнама тұжырымдамасын талқылауға арналған конференция өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары Кемелбек Ойшыбаев, Конрад Аденаэуер атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігінің директоры Йоханес Рай, БАҚ саласы мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, заңгерлер қатысуда.

Конференция аясында бұқаралық коммуникация құралдарының қызметін заңнамалық реттеудің қаиғадаттары мен мақсат-міндеті, медиа саланы заңнамалық реттеудің проблемалары, журналистердің ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндіктері, ақпарат саласында мемлекеттік мүдде мен азаматтардың құқығын үйлестіру тетіктері, цифрлық дәуірдегі журналистиканың құқықтық қырлары, дәстүрлі БАҚ-ты қолдау сияқты мәселелер талқыланбақ.

Сурет: ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары Кемелбек Ойшыбаев

Екі сессияға жоспарланған шараның бірінші бөлігі «Бұқаралық медианы заңнамалық реттеудің тұжырымдамасы» деген тақырыпқа арналса, екінші бөлігінде «Медиа заңнамасын жетілдірудің өзекті мәселелері» талқыланады. 

«Біз осы арада түрлі ойлар мен ұсыныстарды ести аламыз деп ойлаймын. Заңнамалық өзгерістер саланы дамытуға жұмыс істегені маңызды. Ақпараттық қауіпсіздік тұрғысынан алсақ, қазақстандық БАҚ өзара ғана емес, халықаралық деңгейде де бәсекеге түсіп жатыр. сондықтан отандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігі жоғары деңгейде болу керек. Заңнамалық өзгерістер осы мәселеге де бағытталуы керек деп есептейміз», - деді Ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары Кемелбек Ойшыбаев конференцияның ашылуында.

8 қараша 2021, 10:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.