Атырау, 9 қазан 09:30
 ашықВ Атырау +20
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Ақтаудағы жарылыс: оқиға орнында қазіргі жағдай қандай?

Бейнежазба
1 744 просмотра

Ақтауда "Шерқала" сауда орталығындағы жарылыстан кейінгі үйінділер әлі тазаланып жатыр. Мамандар үйінді астынан жарылмаған газ баллондарын шығарды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жарылыс 29 "а" ықшамауданындағы екі қабатты кешеннің бірінші қабатында болған. Ғимарат ішінде жұмыс киімдер дүкені, автокөлік бөлшектері, мейрамхана, сауна, техникалық қызмет көрсету станциялары мен қоймалар бар. Жарылыс ғимараттағы кафеде болды.

Жалпы қираған аумақ 200 шаршы метр. Жарылыс болған аумақта кірпіштер, құрылыс материалдары шашылып жатыр. 

Сурет: Азамат Сарсенбаев

Ақтау әкімдігінің Instagram желісінде "Аянат" дәмханасының қожайыны жарылыс кезінде мекемеде келушілер мен қызметкерлер болмағанын айтқан видео пайда болды. Осыдан кейін әлеуметтік желілерде дәл осы кафеде жарылыс болды деген ақпарат тарады, бірақ Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарламаларды жоққа шығарды.

Жарылыс "Шерқала" кешеніндегі асханада болды", - деді баспасөз қызметі өкілдері.

Кейін әлеуметтік желідегі хабарламаларды оқиға орнында болған блогер Азамат Сәрсенбаев жоққа шығарды.

Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде жарылыстан қаза тапқан жеті адам және 14 адам туралы екі хабарлама тарады. Екі ақпарат та расталмады. Түнде Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз хатшысы Талғат Уәли жарылыс салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ екенін айтты.

Маңғыстау облысының әкімдігі кинологтар мен иттер үйінді астынан адамдарды іздеп жатқанын түсіндірді. Олар жарылыс болған жерде зардап шеккендердің жоқтығын анықтады. Облыстық аурухананың қабылдау бөлімі де жарылыс туралы қоңырауларды тіркемеген.

Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәліметінше, Ақтау қаласы әкімдігінің барлық күштері, апаттық-құтқару қызметі, полиция, ТЖ қызметкерлері және коммуналдық қызмет түнгі уақытта жұмысын тоқтатқан жоқ, қазір де жалғастырып жатыр. Қазір аумақты қоқыстан тазарту жұмыстары жүріп жатыр.


8 қараша 2021, 09:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.