Атырау, 25 желтоқсан 07:22
 ашықВ Атырау -8
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Қазақстан-Қытай шекарасы қашан ашылады?

2 129 рет қаралды

Сауда және интеграция Вице-министрі Ержан Қазанбаев Қытайдың неге өз шекарасын ашпайтынын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, негізгі себеп – коронавирус бойынша тұрақсыз эпидемиологиялық жағдай.

– Келіп түсетін тауарларды екі, кейде үш рет тазарту процесі жүреді. Осыған байланысты жүктер шекарада ұзақ уақыт тұр. Бизнеске көмектесу үшін біз Қытай тарапынан серіктестерімізбен тұрақты негізде келіссөздер жүргіземіз. Қандай да бір заттар бойынша біз өз тауарларымызды жеткізуді барынша қысқа мерзімде жүзеге асыру үшін уағдаласуға тырысамыз. Әлемде COVID-19 бойынша жағдай жақсармайынша, шекара жабық болуы мүмкін, – деді Ержан Қазанбаев ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, әлемдегі эпидемиологиялық жағдай жақсарған кезде Қытай өз шекарасын аша бастайды.

Бұған дейін журналистер Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевтен Қытай шекарасының жабылуына байланысты жаңа жыл қарсаңында азық-түлік тауары бағасы қымбаттай ма деп сұраған еді.

5 қараша 2021, 16:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.