Атырау, 9 қазан 09:31
 ашықВ Атырау +20
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Ресей қазақстандық көмір транзитін тоқтатты

1 331 просмотра

Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Киевтің қазақстандық көмірдің транзитін тоқтату туралы мәлімдемесіне түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түсініктеме Жоғарғы Рада Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің басшысы Андрей Герустың сөзінен кейін болды. Ол "Мәскеу Украинаға қазақстандық көмір транзитін тоқтатты" деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, қараша айында тасымал түгелдей тоқтатылған.

Ресей темір жолдары қазақстандық көмір тиелген вагондардың Ресей арқылы өткенін растамады, - деп жазды ол Telegram-да.

Сондай-ақ, Герус шектеу тек энергетикалық көмірге енгізілгенін, оның кокс көміріне қатысы жоқ екенін айтты.

ҚР ИИДМ жағдайды түсіндірді.

"Ресей көмір транзитін толығымен тоқтатқан жоқ, бірақ Ресей тарапынан инфрақұрылымның жүктелуіне байланысты кейбір шектеулер бар", - деп қорытындылады баспасөз қызметі.
5 қараша 2021, 12:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.