Атырау, 9 қазан 09:31
 ашықВ Атырау +20
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

​Халықаралық іздеу жарияланған қазақстандық елге экстрадицияланды​

1 386 просмотра

Қазақстанның Бас прокуратурасы 32 жастағы кәсіпкердің Германиядан елге экстрадицияланғанын хабарлады.

1989 жылы туған Айдос Шәріпов Еуроодақ елдерінде (Литва, Норвегия, Германия, Дания, Финляндия) жұмысқа орналастырамын деп Қазақстан азаматтарына ірі залал келтірді деген күдікке ілінді.

Оның қылмыстық әрекетінен 60-тан астам зардап шеккен, келтірілген залал сомасы 34 миллион теңге шамасында.

Қылмыс жасалғаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған. Соған байланысты Шәріповке халықаралық іздеу жарияланды.

Қазіргі уақытта Шәріпов Нұр-Cұлтан қаласының тергеу изоляторына қамалды.

5 қараша 2021, 09:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.