Атырау, 25 желтоқсан 03:05
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Ресей Қазақстанға қару-жарақ жеткізуді жеделдетті – Қорғаныс министрлігі не дейді?

1 951 рет қаралды
Ми-35М тікұшағы. Сурет: Виталий Тимкив / ТАСС

Қорғаныс министрлігі Қазақстанға 2021 жылы ресейлік қару-жарақ пен әскери техниканы жеткізу туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2021 жылы Ресей тарапы Қазақстан Қарулы Күштерінің мүддесі үшін "Орлан-10Е" ҰҰА бар көпфункционалды кешенді ғана жеткізеді, - деп нақтылады ведомстводан.

Сонымен қатар, Су-30СМ ұшақтары, Ми-35М тікұшақтары, "Бук-М2Э" зениттік зымыран кешені, БТР-80 және БТР-82А бронетранспортерлері, сондай-ақ атыс қаруын Қазақстан өткен жылдары сатып алған.

Қазақстан армиясының қару-жарағында "Тайфун-К" жеңіл брондалған автомобильдері жоқ екенін қосымша хабарлаймыз, деп толықтырды баспасөз қызметі.

Бұған дейін ресейлік жаңалықтар сайттарының бірінде Ресей Ауғанстандағы қақтығыс кезінде Қазақстан мен Өзбекстанға әскери жеткізілімдерді жеделдеткені айтылған болатын.

4 қараша 2021, 10:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.