Атырау, 9 қазан 10:31
 ашықВ Атырау +20
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Жаңа ақылы жолдар 15 қарашада ашылады

1 262 просмотра

«ҚазАвтоЖол» жеті жолды ақылы режимге көшіру туралы бұйрық әлі тіркеліп жатқанын хабарлады.

Кolesa.kz жаңа жеті жол бөлігі 1 қараша күні қолданысқа берілуі керектігін еске салды. Олар:

  • Нұр-Сұлтан — Павлодар;
  • Шымкент — Өзбекстан шекарасы (Ташкентке);
  • Щучинск — Көкшетау;
  • Қапшағай — Талдықорған;
  • Шымкент — Тараз;
  • Тараз — Қайнар;
  • Шымкент — Қызылорда.

Алайда Әділет министрлігі құжат тіркеп үлгермегендіктен, бұл іс кейінге шегерілді. Енді жүргізушілер тағы 15 күн аталған жолдармен тегін жүре алады.

Жаңа жолдарда шлагбаум болмайды, тұрғындар өз шотына мобильді қосымшалар арқылы ақша салады. Жобада төлемді автоматты қабылдауға мүмкіндік беретін RFID-таңба беру де қарастырылған.

«ҚазАвтоЖол» ҰК" АҚ мамандары I санаттағы жолдың әр шақырымына жеңіл машина мінгендер 1 теңге, ал жүк көліктері 5-25 теңге төлейтінін айтты. «ҚазжолҒЗИ» АҚ II және III санаттағы жолдар үшін сұралатын төлем тарифін анықтау әдістемесін әзірлепті, оның құны қолданыстағы тарифтен әлдеқайда төмен болады.

2 қараша 2021, 15:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.