Атырау, 9 қазан 11:22
 ашықВ Атырау +20
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Алматы әуежайының қызметкерлері "жұмыстан заңсыз қуылдық" дейді

1 096 просмотра

Алматы халықаралық әуежайының бұрынғы қызметкерлері Көлік прокуратурасына жүгінді. Олар заңсыз жұмыстан босатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

30 қазанда Алматының Авиациялық көлік прокуратурасына әуежайдың бұрынғы қызметкерлері жиналды. Олар заңсыз жұмыстан шығарылдық деп санайды.

Жанна Ілиясова Алматы халықаралық әуежайында 27 жыл еңбек етті. Еңбек жолын анықтама қызметінен бастаған ол осы уақытқа дейін жоспарлау диспетчері болып жұмыс істеді. 28 қазанда әйелге қысқарғаны туралы хабарланды.

Хабарламаға қол қойған кезде мені кадрлар бөлімінің бастығы шақырып, әңгімелесті. Егер мен өз еркіммен жұмыстан шығу туралы өтініш жазсам, онда маған екі жалақы төленетінін айтты. Егер мен өтініш жазбасам, онда бұл менің еңбек кітапшама жазылатынын айтты. Әрине, мұндай жағдайда мені ешкім жұмысқа алмайды, – дейді Жанна.

Оның айтуынша, бөлімдегі тоғыз қызметкердің төртеуі ғана жұмысын жалғастырды. Жұмыстан босатылғандардың міндеттері жұмыс істеп жатқандарға жүктелді. Әйел мұны әділетсіз деп санайды. Ол көлік прокуратурасы мен кәсіподаққа жүгінді.

Маған жұмыс берсін. Сол әуежайдан лауазым ұсынсын, - дейді Ілиясова.

Прокуратураға Галина Такобаева да келді. 10 қыркүйекке дейін ол Есеп және ақпарат бөлімін басқарған. Сол күні Галинаны қосқанда жеті қызметкер кадрлар бөліміне шақырылып, олардан жұмыстан кетуді сұраған. Оның айтуынша, кадр бөлімі барлық құжаттарды алдын-ала дайындапты: қол қойылған еңбек кітапшалары, өз еркімен жұмыстан шығаруға дайын өтініштер және жұмыстан шығаруға дайын бұйрықтар.

Арызға өз еркіңмен қол қоймасаң, статьямен кетесің депті. Бөлімде жұмыс істеген уақытында Галинаның атына шағым түскен емес, бірақ ол арызға қол қойды.

Жұмыстан босатылған әйел басқа ұйымға жұмысқа орналасып еді, бір аптадан кейін жаңа компаниясының басшылығы да жұмыстан кетуін сұрапты. Себебі, Галина бұрынғы жұмыс орнынан теріс себептермен жұмыстан шығарылған.

Оның бөлімі әуежайдың жаңа басшылығынан жұмыстан босату себептері туралы түсініктеме ала алмады. Сондықтан олар прокуратураға жүгінді.

Бізді ескертусіз жұмыстан шығарды, егер біздің орындарымызға білікті шетелдіктер келсе - басқа әңгіме болар еді. Бірақ бұл салаға қабілетсіз адамдар келді. Мен жұмысқа қайта оралғым келеді, - дейді Галина.

Әуежайдың бұрынғы қызметкерлерінің айтуынша, авиация прокуратурасы олардың өтініштерін қабылдап, жағдайды анықтауға уәде берген. Сонымен бірге прокурорлар оларға өтініш өз еркімен жазылғанын және заңгерлер әуежай жағында болуы мүмкін екенін түсіндірді.

Алматы халықаралық әуежайы болса, экс-қызметкерлердің талаптары негізсіз дейді:

Алматы халықаралық әуежайының бұрынғы қызметкерлерінің соңғы арызына сәйкес, "Алматы халықаралық әуежайы" АҚ атына келіп түскен бұл шағымдар негізсіз. Қызметкерлер өз еркімен жұмыстан босатылды. Олармен жасалған еңбек шарттары ҚР Еңбек кодексінің 49-бабының 5-тармағына сәйкес бұзылды, - делінген хабарламада.

Zakon.kz редакциясы Авиациялық көлік прокуратурасына жағдайды түсіндіру туралы өтініш жіберді.

1 қараша 2021, 17:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.