AIKYN.KZ. «Жұтты» «құт» еткісі келген кім?» - «Әкелмес бұрын ол сиырларға Австрияның ветеринарлық қызметі ветеринарлық сертификат берген, – деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі. – Соның негізінде мал Қазақстанға әкелінген. Ол сертификатты беру кезінде тиісті талдау-анализдер өткізбей, қол қойғандарын Австрияның ветеринарлық қызметі қазір мойындап отыр».
«Сағаттар неге сандалады?» - Ұшақтың ұшуы, пойыздың жүруі, тіпті құзырлы орындарда өтетін алқалы жиындар да уақытпен белгіленеді. Бірақ дәлме-дәл уақытты қалай анықтауға болады?
BAQ.KZ . «Қазақстан Солтүстік Кореяның ядролық сынағын қатаң сынайды» - Қазақстан Республикасы Корея Халықтық-Демократиялық Республикасының БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2006 жылғы №1718 және 2009 жылғы №1874 резолюцияларын бұза отырып жүзеге асырған кезекті ядролық сынақтарын қатаң сынайды.
«Бас дәрігер аузын қу шөппен сүртіп отыр» - Салауатты қоғамда адам істеген еңбегіне қарай құрметке бөленіп, тапқан табысын еш кідіріссіз, ешқандай қолбайлаусыз алып тұруы тиіс. Өйтпеген жағдайда жұмысшының құқы бұзылады. Еңбек заңнамасында, егер басқадай жағдай қарастырлмаған болса, жалақы әр әйдың күнтізбелік 10 күнінен кешіктірілмей берілуі тиіс деген шарт бар. Осы шарт мүлтіксіз орындалуы тиіс. Бірақ, күнделікті жағдайда оның бәрі ойдағыдай бола бермейтіні жасырын емес.
HALYKSOZI.KZ. «Жақсылық ДОСҚАЛИЕВ: БАҚ ДЕГЕН ҚҰС, ТАҚ ДЕГЕН ТҮС» - Екі жыл бұрын 7 жылға сотталған экс-министр көп ұзамай Мемлекет басшысының пәрменімен қайта босатылып, былтырғы қыркүйектен бері хирургия үстеліне оралды.
ТУЫТАҚЫНЫҢ АНЫҒЫ МЕН ҚАНЫҒЫ - Өмірге сәби әкелген аналарға берілетін туытақы (декретный) жайында біраз мәселе қозғалады.
ZHASALASH.KZ. «Кедендiк одақ – елдегi кедейлердiң санын көбейтуде» - Елiмiз Кедендiк одаққа мүше болып кiрген соң, тұтыну тауарларының бағасы әрмен қарай шарықтай жөнелдi. Үш мемлекеттiң экономикасын бiрiктiрген Кедендiк одақ бiздегi қымбатшылыққа “дем бере” түстi.
BAIOLKE.COM. «Моңғолия Шыңғысханның Совет Одағы жасаған бейнесін түзеуге әрекеттенуде» - Ұзақ жылдар бойы халықтың жадынан күштеп өшіруге тырысқан Шыңғысхан моңғолдар үшін адамзат тарихында алдына жан салмаған әскери қолбасшы һәм мемлекет қайраткері болып қалады.
«Зардыхан Қинаятұлы: "Демократиялық беталыс тұрғысынан Қазақстан Моңғолиядан көп артта"…» - Әрине, экономикалық әлеуеті жағынан Моңғолия Қазақстанмен қара таластыра алмайды. Бірақ, қазіргі саяси жүйе, демократиялық беталыс тұрғысынан Қазақстан Моңғолиядан көп артта.
ALASHAINASY.KZ. «Сот орындаушылары – «спецназ» емес» - актісін алдыға алып, әрбір үйдің есігіне барғанда сот орындаушыларын не күтіп тұр? Заңды орындау құлқы мен мәдениетінің жоқтығы былай тұрсын, тіпті соңғы кездері әлгіндей орындаушыларды көрсе қолына шоқпар ала жүгіретіндер бой көрсете бастаған.
OTYRAR.KZ. «Шымкент тұрғынының аяғында арабша жазу пайда болды» - Осыдан бір жарым ай бұрын көпбалалы ана Рано Хаджиметованың денесінің қызуы көтеріліп, аяқтары сыздайды, қатты ауыра бастайды. Дәрігерлерге көрінгенімен, ешкім арнайы диагнозын қоя алмайды. Бір күні балтырынан араб әріптерімен жазылған жазу пайда болады. Рано үрейленіп, бұл өзгешелікті ауыл имамдарына көрсетеді. Олар мұның «Лә илләха иллалах» деген кәлиманың сөздері екенін анықтап беріпті.
ABAI.KZ. «Өмірзақ Ақжігіт . «Латынға» көштік. Өстік пе? Өштік...» - Қазақ кезекті даудың астында қалды. «Өнбейтін дауды өспейтін бала қуады» дей тұра бәріміз кәзір осы даудың иіріміне тартылуға мәжбүрміз. Себебі, ол біздің болашағымызды шешетін мәселе. Қандай ауыр, қандай қиын мәселе болғанда да оны асықпай-саспай, байыппен, салмақты түрде шешуді үйрене алмай-ақ кететін түріміз бар.
KAZAKH.IRIB.IR. «Ауғанстандағы есірткі заттар контрабандасына Америка араласып отыр» - Сергей Лавров қолда бар мәліметтер америкалық әскерилердің Ауғанстандағы есірткі заттардың заңсыз тасымалына араласып отырғанын көрсетеді деп мәлімдеді.
TRTKAZAKH.COM. «ҚЫТАЙ ЭКОНОМИКАСЫ ЖЫЛДАМ ДАМЫДЫ» - Қытай жалпы экспорт пен импортта Америка Құрама Штаттарын артқа тастап, әлем біріншісі болды.