Атырау, 9 қазан 11:24
 ашықВ Атырау +20
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Жүргізуші куәлігін алу емтиханына өзгеріс енгізіледі

1 899 просмотра

Алдағы уақытта жүргізуші куәлігін алуға арналған емтихандарда биометриялық сәйкестендіру жүйесі жұмыс істейді. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, мамандандырылған ХҚКО-ларда жүргізуші куәлігін емтихансыз алу фактілері бар. Осыған байланысты сынаққа келетін адамды тексеру шаралары күшейтіледі. 

"Алдағы уақытта жүргізуші куәлігін алуға арналған емтихандарда биометриялық сәйкестендіру жүйесін енгізу жоспарда бар. Атап айтқанда, теориялық емтиханға кірердің алдында және емтихан үстінде тексеріс жасалады. Бұдан бөлек, практикалық емтиханда да тура сондай тексеріс болады", - деді Мусин орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Айта кетері, бүгінгі шарада министр Нұр-Сұлтан қаласындағы мамандандырылған ХҚКО-да жүргізуші куәлігін емтихансыз беру фактілерін өз көзімен көргенін мәлімдеді. Ол тиісті процедурадан өзі де өтіп көрген. Сол кезде емтихансыз құжатты алуға болатынына көз жеткізіпті.

 "Қазіргі кезде біз тиісті шараларды қолға алып жатырмыз. Тосқауыл қойылды. Мәселен кеше Нұр-Сұлтан қаласындағы халыққа қызмет көрсететін мамандандырылған орталықта үш адам ғана жүргізуші куәлігін алды. Бұл дегеніміз, бақылау күшейтілді. Қосымша адамдарды қойдық. Олар емтиханға кіретін адамдарды тексеріп отырады", - деп түсіндірді Мусин.

29 қазан 2021, 16:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.